Жаңалықтар
Қаржы полициясы академиясының кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінде ағымдағы жылдың 3-4 мамыр айдын аралығында білім жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.
«2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына бойынша өтті.

2012 жылғы 5 мамырда Академияда Отан қорғаушылар күніне 20-жыл толу мерейтойы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне 67-жыл толуына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Осы шараға ҰОС, тыл және Ауғаныстан соғысының ардагерлері шақырылды.

2012 жылғы 23-26 сәуірі аралығында 29 қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне «Жалған ақша жасауға (фальшивомонетничество) байланысты қылмыстарға қарсы іс-әрекет мәселелері» атты біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Оқу сабақтарының мазмұнына қылмыстық-құқықтық, жедел-іздестіру және криминологиялық сипаттамалары тұрғысынан алғанда жалған ақша жасауға байланысты қылмыстарға қарсы іс-әрекет мәселелерін қарастыру, жалған ақша жасауға байланысты қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері қарастырылды. Оқу сабақтарын өткізуге Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге Агенттіктің Арнайы департаментінің бөлім бастығы, қаржы полициясының полковнигі С.Н.Рудаков, Тергеу департаментінің бөлім бастығы, қаржы полициясының подполковнигі Т.Т. Хасанов, Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің аға инспекторы, қаржы полициясының подполковнигі Р.Б. Қалмұратовтар дәріс оқыды. Теория мен практика байланысын нығайту мақсатында курс тыңдаушылары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің 2 және 3 курс тыңдаушылары алдында сөз сөйлеп, қаржы полициясы органдары қызметінің негізгі бағыттарын, жедел жұмыс және тергеу жұмыстарын жүргізудің өзекті проблемаларын түсіндірді. Курстарды аяқтау кезеңінде кешенді емтихан қабылданып, тиісті куәліктер берілді.

21 сәуір 2012 жылғы Қаржы полициясы академиясының тындаушылары «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ғылымдардың дамуының өзекті мәселелері» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.
Конференция Қазақстан Республикасының әйгілі ғалым және қоғамдық қайраткері Д.А. Қонаевтың 100-жылдығына арналған Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы университетінде өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қантардағы «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстанның дамуының бас бағыты» Қазақстан халқына жолдауын орындау аясында Академияның Кеден ісі және Мемлекеттік және шетел тілдері кафедралары бірігіп ағымдағы жылдың 18-20 сәуір аралығында «Кеден ісі» мамандығының 1-3 курс тыңдаушылары арасында «Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үздік білу» сайысы өткізілді.
Сайыстың жүлдегерлері: «Мемлекеттік тілді үздік білу» номинациясында – 2 курс тындаушысы Долгова Ксения, «Орыс тілін үздік білу» номинациясында – 1 курс тындаушысы Құсайын Абылайхан, «Ағылшын тілін үздік білу» номинациясында – 2 курс тындаушысы Жумабаева Аида. Сайыстың жүлдегерлері Академия бастығының Р.Ә. Ыбырайымовтың Мақтау қағаздарымен марапатталды.

2012 жылғы 19 сәуірде тәрбие жұмысы бөлімі Академия тыңдаушыларына арналған Салауатты өмір сүру салты орталығының мамандарының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырды.
Осы семинар Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасында денсаулықсақтауды дамыту аясында өтті.
Біріңғай экономикалық кеңістікті құру жағдайында кедендік әкімшіліктің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2012 жылғы 13 сәуірде Қаржы полициясы академиясында «Кедендік әкімшілік жүргізу: жағдайы, мәселелері, болашағы» атты Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияны Кеден ісі кафедрасы үйымдастырды.
23-25 ақпан күндері Алматы қаласы ҰҚК Академиясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының курсанттары арасында генерал-майор Ә.Ә. Арыстанбеков атындағы кубок жүлдесіне арналған қоян-қолтық ұрысы бойынша жиырма ұжымның өкілдері қатысқан турнир өткізіледі. Бұл турнирге мына құрамда Қаржы полициясы академиясы командасы қатысты: Оспанов Жанат (Қ-11), Қорғанбаев Медет (ҚҚҚ-13), Байтенов Бернар (Қ-21), Адильбеков Даурен (Қ-22), Ахметов Камильжан (ҚҚҚ-24), Айнеков Мерей (Қ-31), Омарұлы Олжас (Қ-31), Ташенов Нұрсұлтан (Қ-32), Әлиев Әбдісалан (ҚҚҚ-33), Рахимжанов Аслан (ҚҚҚ-34), Муканов Тимур (КІ-36)
12 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінің спорттық кешеніңде Астана қаласының ЖОО спатакиадасы бағдарламасы аясында батпан көтеруден жарыс өтті. Жеке сынақта 80 келі салмаққа дейін Карменов Мақсат (КІ-36) қола жүлдегер атанды.
Ағымдағы жылдың 28 наурызда Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясында «Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігі, жаңа уақыт және мүмкіндіктері» тақырыбында жыл сайын өткізтетін ғылыми-практикалық конференцияға Қаржы полициясы академиясының тыңдаушылары да қатысқан болатын. Конференцияға сегіз ЖОО 100 тарта тыңдаушылар қатысты. Біздің академия тыңдаушылары 1 диплом бірінші орын,және 3 диплом 2-3 орындар үшін,сондай-ақ мақтау грамоталарымен марапатталды.










